Атырау облысында 32 жоба іске асып жатыр

Атырау облысының тұрғындарын сапалы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 32 жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін қазынадан 12 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мұнайлы өңірдегі шалғай аудандарды сумен, электр энергиясымен қамтып, газбен жабдықтау жұмыстары жолға қойылмақ.

Құрманғазы ауданындағы 3 елдімекенде ауылішілік су құбырының желісі тартылады. Қызылқоға ауданындағы Айдын, Бүйрек, Кенбай, Қосқұлақ елдімекендерінің тұрғындары да көз ұзамай ауыз сумен қамтылады.

Асан Нұрғалиев, облыстық Энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:

- 32 жоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде 6 жоба қазір аяқталды. Сумен қаматасыз етілді. Бұл – Қызылқоға бойынша 4 жоба, Құрманғазы ауданы бойынша 2 жоба.

Қазір Мақат, Қызылқоға аудандарына қарасты елдімекендерді электр энергиясымен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ көгілдір отыннан таршылық көріп отырған Исатай және Қызылқоға аудандарының елдімекендерінде газ құбырының құрылысы басталған.

Нұрберген Құсайынов, облыстық Құрылыс басқармасының басшысы:

- Елдімекендердегі құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстары бойынша 1053 жер телімі пайдалануға беріледі деп жалпы жоспарланып отыр.

Қазір Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Мақат, Махамбет, Индер аудандарындағы білім беру нысандары үшін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы жүріп жатыр.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин