Қазақ-қырғыз шекарасында көліктер өте алмай жатыр

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көліктер өте алмай жатыр.

Ұзынсонар кезек. Көрші елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша Қырғызстаннан шығу үшін «Чон-Қапқа-Автодорожный» бақылау бекетінде жиырмаға жуық жеңіл, ал «Ақ-тілек-Автодорожныйда» жүзге жуық жүк көлігі тұр. Кептеліс жанар-жағармай тасымалдайтын көліктердің көбеюі және кейбір жүргізушілердің кезек тәртібін сақтамауына байланысты туындаған. Шекара қызметі биліктің ешқандай шектеу қоймағанын және барлық «көлік өткізу» пунктінің әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын жеткізді.