Астанада «Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қорғаныс министрлігінде «Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бұл жетістіктер барлық әскери қызметшілер үшін үлгі екенін атап өтті. Жыл сайын өтетін «Әскер тарланы» байқауы әскери қызметшілердің жеке әрі кәсіби өсуін ынталандыруға оң ықпал етеді. 24 номинация бойынша үздік мамандар анықталды. Атап айтқанда, жауынгерлік қабілеті шыңдалған танкистер құрамасы, зеңбірекшілер, ұшқыштар және байланыс жүйелерінің әскери қызметшілері марапатқа ие болды.