Есілдің мұздай суына шомылатындардың қатары жыл сайын артып келеді

Сақылдаған сары аязға қарамастан салқын суға түсетін морждардың маусымы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Салауатты өмір салтын ұстанған елордалықтар дәстүр бойынша Есілдің мұздай суына шомылады. Таза ауада денесін сергітіп жүргендердің қатары жыл сайын артып келеді.

Дастан Аренов, «Сергек» морждар клубының мүшесі:

- Мен осы қараша айынан бастадым моржеванияны. Алдында ешқашан моржевать етіп көрмедім. Қорықпау керек, бастай беру керек. Бұған ешқандай дайындық керек емес. Денсаулық үшін әрекет ету керек.

Жастарға үлгі көрсетіп жүргендердің үлкені – Мэлс Молдағалиев. 83 жастағы елорда тұрғыны 40 жыл бойы қыс мезгілінде суға шомылып жүр екен. Бұдан бөлек шымыр денелі қария воркаутпен де айналысады.

 

Мэлс Молдағалиев, «Сергек» морждар клубының мүшесі:

- Суға балықша сүңгідіңіз. Астында қысым жоғары ғой.

-    Жақсы , бәрі жақсы. 

-    Қай жылдан бері қыста суға шомылып жүрсіз?

-    Енді 40 жылдан асып кетті ғой. Жетіп жатыр ғой.

-    Отбасыңызда біреуді тарттыңыз ба?

-    Ешкім қаламайды!

Салқын суға түсу өзіне бөлек, бұл жерде қауіпсіздік мәселесі де қарастырылған. Мәселен, өзендегі ойық басында міндетті түрде 2 кезекші жүреді. Барлығы күндіз шомылып болғаннан кейін, бөгде адамдар өз бетінше түспес үшін ұңғыма жабылады екен.

Талғат Қалықов, «Сергек» морждар клубының мүшесі:

- 10-шы желтоқсан қойдық. Астына сетка қойдық, үстіне мұз салдық. Барлығын ұйымдастырып қойдық. Судың асты течение ешқайда кетіп қалмайды. Жалпы біз былай үйретеміз, денені қыздырып алу керек. Бір 500 метр ма жүгіріп аламыз. Сосын киімдерімізді шешіп, суға түсеміз.

Жалпы елордада тұрақты түрде қыс мезгілінде суға шомылатындардың саны 200-ге жуықтайды. Олардың қатарына 5 жастан бастап қосылуға болады екен.

Қыста суға түсетін астаналықтардың қатары көп екен. Араларында әйелдер де бар. Бұлардың қатарына әр азамат қосыла алады.