MEGA Silk Way жаңа жылдық науқан ұйымдастырды

MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа жылдық науқан ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мереке қарсаңында еліміздегі ең ірі сауда, ойын-сауық орталығына барып Дубайға екі адамға жолдама ұтып алуға мүмкіндік бар.  Жолдаманы 9 желтоқсан – 14 қаңтар аралығында Traveler.kz. компаниясы ұсынып отыр. Бұдан бөлек, жаңа жылдық бағдарламада не қамтылған? Келушілерді қандай сый күтіп тұр? Алдағы сюжеттен көріңіздер.

MEGA Silk Way сауда – ойын-сауық орталығы жаңа жыл қарсаңында келушілерін сыйлықсыз қалдырған емес. Жаңа жылдық әдемі безендірулер, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше сезімге бөлейді. Ал орталықтың кез келген жерінде сауда жасап, чек арқылы «Мега-да сатып ал, Патша көңілмен ATLANTIS THE ROYAL-да демал!» науқанына қатыса аласыз.

Дина Ысқақова, «MEGA Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығының PR менеджері:

- Бұл жолы да бір шама бағалы сыйлықтар дайындап қойдық. Олардың бірі екі адамға арналған Дубайдағы қонақ үйде демалыс жолдамасы. Одан да бөлек сыйлықтарымыз бар. Сондықтан біздің келушілер жаңа жыл қарсаңында тек қана өздеріне қажет заттарды немесе жақындарына сыйлықтарын алып қана қоймай егер бұйырып жатса керемет сыйлықтарға ие болып ұтыс ойынының жеңімпазы атануы мүмкін.

Күнделікті ұтысқа қатысу үшін 15 мың теңгеге, ал, басты жүлде - Дубайға жолдаманы ұтып алу үшін 30 мыңнан жоғары сауда жасау керек. Сауда жасаған чегіңізді «Мега Family» қосымшасына жүктейсіз. Чектер сауда жасалған сәттен бастап 72 сағаттың ішінде қабылданады. Жеңімпаздарға орталық қызметкерлері жеке хабарласады.

Дина Ысқақова, «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығының pr менеджері:

- Mega Silk Way-ге келушілерге саудасын тиімді әрі сапалы жасау мақсатында бізде «Мега Family» деген қосымша жұмыс істеп тұр. Ол қосымша арқылы біздің келушілер жасаған саудасының чегін сол қосымшаға жүктеп ол бағасы чектің арнайы ұпайларға айналады. Ол ұпайлармен біздің келушілер тұрақтың ақысын, болмаса киноға билет ала алады.

Басты ұтыс ойын 21 қаңтарда өтеді. Қатысушылардың сауда орталығына келіп қатысуы шарт. Бұдан бөлек 20 желтоқсаннан бастап жаңа жылдық концерттік бағдарлама, балаларға арналған мерекелік шоулар мен шеберлік сабақтары,  ертегі кейіпкерлеренің қатысуымен шеру қарастырылған.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Наурызбай Құрманғазы