Атырауда жаңа жылды тойлауға 31 млн теңгеден астам қаражат бөлінді

Атырауда жаңа жылды тойлауға 31 млн теңгеден астам қаражат бөлінді

Атырауда жаңа жылды тойлауға бюджеттен 31 миллионнан астам қаражат бөлінді.

Бұл қаржыға Исатай мен Махамбет алаңына қойылатын 12 метрлік бас шырша сатып алынады. Сондай-ақ Нұрсая, Вокзал маңы ықшам аудандары мен Д.Нұрпейісова атындағы музыка академиясының маңына әрқайысысы 9 метр болатын тағы үш жаңа шырша орнату, жоспарланып отыр. 2020, 2021 жылдары елдегі карантин шектеулеріне байланысты жаңа жылдық іс-шаралар үшін бюджеттен ақша бөлінбеген еді. Ал 2019 жылы 44 млн жуық қаржы қарастырылыпты. Қала әкімі орынбасарының айтуынша биыл мерекелік безендірулерге шаһардағы мекемелер де, демеушілік көмек көрсетуге ниет білдіріпті.

Нұржан Ермұқанов, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл бөлінген қаражат осы Атырау қаласының қажетті шараларына бөлінген ақша. Сол себепті ол мерекелік шара ретінде біздің жаңа жылға бөлінген қаражат үлкен ақша деп айта алмаймын және ол қажетті. Ал аз қамтылған отбасыларға біз өз тарапымыздан келер жылға баспана мәселесі бойынша қалалық әкімшілікпен қаралып жатыр.