«Қазгеология» басшылығына қатысты тергеу басталды

«Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекеме басшысы директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелеріне жалақыларын екі есеге көтерген. Яғни 2017-2019 жылдар аралығында айлықты және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеген. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.