Президент Төле би кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барып, зиярат етті.

Бұл жерде қазақтың бір-туар перзенті Төле би жерленген. Ұлы тұлғаның кесенесі 15-ші ғасырдың бірінші жартысында салынған. Бұл кешен қала тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал орындардың бірі.