Қазақстандық операторлар 5G желісін салады

Қазақстанда 5G екінші жиілігі 93 млрд теңгеге сатылды. Аукционның нәтижесін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Telegram-парақшасында хабарлады.

Ол аукцион жеңімпазы «Мобайл Телеком Сервис» және «Kcell» консорциумы екенін жеткізген. Операторлар Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында бесінші буынның мобильді байланысын енгізу мен дамытуға жауапты. Олар сондай - ақ 7 мыңнан астам 5G базалық станция салуға тиіс. Сөз басында айтылған қаржы «қолжетімді интернет» жаңа ұлттық жобасын іске асыруға жұмсалады.