Қаракөлдегі аққулар құс тұмауынан қырылған

Қаракөлде қырылған аққулар құс тұмауын жұқтырған.

Бұған дейін 1 жасқа толмаған бірнеше құс аязда қорек таппай, аштан қырылды деген болжам айтыған еді. Уақиға осы аптада Ақтауға жақын жердегі жасанды су қоймасында болған. Ол аумақтан 10 аққудың өлексесі табылған. Сөйтіп, судан сынама және биологиялық материал алынып Астанаға жіберіледі. Ұлттық зерттеу орталығы мамандар аққулар құс тұмауынан қырылған деген қортындыға келді. Құс төресінің дертті қайдан жұқтырғаны белгісіз. Енді Маңғыстау облысында үй құстары егіледі. Қазір 18 мыңнан аса доза вакцина сатып алынған.   

Жақанбек Дуанаев, облыстық аумақтық ветеринарлық инспекция басшысының орынбасары:

-Орталықтан бізге қорытындысы келді. Құс тұмауы анықталды деп. Бұл енді аққулар ұшып келіп жатыр ғой. Жан-жақтан ұшып келіп жатқан. Бізде Маңғыстауда қонады да ары қарай кете береді жылы жаққа. Нақты қай жерден шыққанын енді біз айта алмаймыз.