Соңғы тәулікте елімізде 233 адам коронавирус жұқтырды

Еліміздің бас санитариялық дәрігері келтіргендей, соңғы аптада коронавируспен сырқаттану 3%-ке өскен.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 12 өңірде инфекцияның таралу көрсеткіші артқан. Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмау вирусы таралып жатыр. Былтырғымен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ке өскен. Осы ретте бас санитариялық дәрігері адам көп шоғырланатын жерлерде бетперде тағуға кеңес береді.