loader


Астанада жастар ресурстық орталығының жұмысы жанданады

Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, жұмысқа орналасуға көмектесу, цифрлық және медиа сауаттылық бойынша тренингтер өткізу - бұл Қазақстандағы жастар ресурстық орталықтары атқаратын жұмыс. Оларда 3 мыңға жуық маман қызмет етеді. 

Қазақстанда 228 жастар ресурстық орталығы бар. Олар өскелең ұрпақ пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады. Ресурстық орталыққа әдіснамалық қолдауды "жастар" ғылыми-зерттеу орталығы көрсетеді.

Асель Токжуманова, жастар ғылыми зерттеу орталығының сарапшы маманы: 

- Ең біріншіден біз жастар ресурстық орталығын олардың әдістемелік қамтамасыз етуіне жауап береміз. Және де сонымен қатар осы ресурстық орталықтарда қызмет атқаратын мамандарды үйретеміз. Семинар тренингтер өткіземіз жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған біліктілігін арттыру мақсатында.

Биыл ресурстық орталықтар ел жастарына әлеуметтік жобалауды үйретті. Республиканың бірнеше облысын аралап семинар-тренингтер өткізді. 120-дан аса жас біліктілігін арттырды.

Асель Токжуманова, жастар ғылыми зерттеу орталығының сарапшы маманы:

- Мамандарға арналған оқыту 5 қалада өткізілген болатын. Оның ішінде Астана, Қарағанды, Павлодар, Түркістан жәнеде Атырау қалалары. Директорларға арналған оқу 10 күннен тұрған ауқымды оқу болған.

Жастар ресурстық орталықтары үлкен әлеуетке ие, дейді мамандар. ЖРО қызметін реттейтін Қағидалар жобасы әзірленді, оның мақсаты ресурстық орталықтарды жетілдіру. Ондағы жаңашылдықтың бірі жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, елдегі әрбір ресурстық орталық үшін үлгілік емес, жеке жұмыс жоспарын әзірлеу. Жаңа ережелер қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын да қарастырады.

Гүлзия Нақыпқызы, Ырыстанбек Оспанов

Сондай-ақ...