Маңғыстау облысында құс тұмауына қарсы екпе жұмыстары жүріп жатыр

Маңғыстау облысында үй құстары қауіпті індетке қарсы жаппай егіліп жатыр.

Жұмыс жүргігетін республикалық топтың 8 бригадасы 19 мыңға жуық тауық, қазды қамтуы тиіс. Мамандар Каспий теңізіне жақын жатқан Түпқараған, Мұнайлы, Қарақиян, Бейнеу аудандарында болып екпе жасайды. Бұл шара 10 күнге созылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қаракөл көлінен табылған аққулардан құс тұмауы анықталған болатын.

Әбжет Бекмурзин, Мұнайлы ауданы ветеринарлық станциясы директорының орынбасары:

- Мұнайлы ауданына тиісті 2 600 дозамыз келді. Соны екі бригада егіп жатыр. Жұмыстар жақсы жүріп жатыр. Бұл бірінші рет тіркеліп тұр. Сондықтан бұны біздер жедел, кәдімгі жылдамдықпенен сол өте сақтықпен егіп жатыр.