loader


Қостанайда үш жасар бала жарты айдан бері комада жатыр

Қостанай облыстық ауруханасында үш жасар Әмірдің ес-түссіз жатқанына екі аптаға жуықтады.

Желтоқсанның 15-і күні бес  балаға жеңіл уро-логиялық операция жасалған. Наркоздан ояғаннан кейін олардың жағдайы нашарлай бастапты. Бесеуі де есеңгіреп, дене қызуы көтерілген. Әсіресе Әмірдің жағдайы қиындап кеткен. Алдымен  тынысы тарылып, артынша комаға түскен.  Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер уытты энцефалопатия, ми қан айналымы бұзылған  деген диагноз қойыпты. Ал қалған төрт баланың жағдайы қалыпты деп отыр.

Қуат Әлмағамбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Денсаулық сақтау басқармасы  облыстық балалар ауруханасында болған оқиғаны жан-жақты тексеру үшін комиссия құрды. Қазіргі кезде операция жасалған төрт бала үйлеріне жіберілді. Біреуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған ақпарат комиссия жұмысының қорытындысынан кейін жарияланады.

Сондай-ақ...