loader


Құтқарушылар ШҚО-ға барған туристерге ескерту жасады

Шығыс Қазақстанда таулы аймақта демалушылар саны күн санап артып келеді.

Сондықтан өлкедегі құтқарушылар  арнайы жаттығу шарасын өткізіп, экстремалды оқиғаға  әзірліктерін пысықтады. Алдын ала шартты жоспар бойынша шаңғы көтергіш жұмыс істемей, бірнеше сноубордшы биіктікте тұрып қалған.Мұздап қалған азаматтарға альпинистік жабдықтар арқасында көмек көрсетілді. Құтқарушылар қатты аязда бір орында тұрып қалған кезде үсіктен сақтану амалдарын да насихаттады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазір  тау ішінде көшкін қауіпінің де күшейіп тұрғанын айтып, туристерді сақтыққа шақырды.

Жадыра Аманғалиқызы ШҚО ТЖД басқармасының бас маманы:

- Ақпаратты алған кезде, осындай ескертетін хабарламаларға немқұрайлы қарамай, таулы жерлерге барудан бас тарту қажеттігін тағы да естеріне саламыз. Жалпы ауа райы жағдайы туралы немесе басқа да дауылды ескерту туралы Дәрмен қосымшасы арқылы біліп отыруға болады.

Сондай-ақ...