Оралда сот ұзаққа созылған жер дауына қатысты үкім шығарды

Оралда екі жылдан астам уақытқа созылған жер дауына қатысты сот үкімі шықты.

Айта кетейік, консерві  зауытының өкілдері жаңадан салынған тұрғын үй кешендерінің санитарлық аумақта тұрғанын айтып шағымданған еді. Тіпті баспаналарды сүруді талап етті. Ал құрылыс компаниясы болса жер телімін әкімдікпен заң аясында рәсімдегенін алға тартты. Екі компания арасындағы дау-дамайдың салдарынан жүздеген отбасы баспанасыз қалуы мүмкін еді. Екі жыл ішінде бірнеше рет сот отырысы болды. Әйткенмен күні бүгінге дейін ешқандай нақты шешім қабылданбай келді. Ал бүгін облыстық экономикалық сот дауға қатысты Үкім шығарды. Судья тұрғын үй кешендерінің құрылысы жобасында заңсыздық жоқ деп таныды.

Бақтиёр Журабаев, БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судъясы:

- Жер Кодексі бойынша, кәсіпорын иесі санитарлық аумақтың шекарасын зауыт салынып жатқан кезде-ақ бекіту қажет. Бұл тұста кәсіпкер ол талапты орындамаған. Сондықтан жергілікті атқарушы орган егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын өзгертуіне ешқандай негіз жоқ. Сонымен қатар компанияның негізгі өндіріс ошағы тұрғын үйлер маңында емес, қала сыртында орналасқаны да ескерілді. Тұрғын үйлер жанында кеңсе, қоймалар, цех және теміржол бар. Алайда 4-санатты өндіріс орны жоқ. 

Алипа Егізбаева, қала тұрғыны:

- Екі жыл жарымдай болды ғой. Шаршадық, шынын айтқанда. Үйімізді өзіміз қиындықпен (алдық қой). Біздер қарапайым халықпыз ғой. Мен өзім пенсионермін. Мен бүгін бүкіл үмітімді түйіп келдім. Мен өте ризамын. 

Ал шағымданушы тараптың айтары басқа. Олар бұл шешіммен түбегейлі келіспей отыр. Енді компания өкілдері дауға қатысты аппеляциялық шағым түсіре алады.

Сондай-ақ...