Елордадағы тергеу изоляторында Жаңа жылға дайындық жүріп жатыр

Елордадағы тергеу изоляторында Жаңа жылға дайындық жүріп жатыр.

Сотталғандар қардан мүсін жасап, арнайы ұйымдастырылған жарыс аясында бағын сынап көрді. Биылғы шарада алғаш рет «Тілшілер таңдауы» аталымы жарияланды.

Астанадағы тергеу изоляторының аумағы ертегі алаңына айналды десек артық айтпаймыз. Дәл қазір мұнда түрлі мультфильм кейіпкерлерінің мүсіндерін тамашалауға болады. Жергілікті әкімшілік жаңа жыл қарсаңында сотталғандар арасында осындай шығармашылық жарыс ұйымдастыруды жөн көрді.

Жандос Айтмұқашұлы, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесінің бөлім бастығы:

- Бұл іс-шараның тәрбиелік мәні бар. Сотталғандарға көңіл көтеру, жаңажылдық сезім ояту. Бұл шараға бір ай бұрын дайындала бастады. қар аз болды. Оны жинады. Қатырды. Өте күрделі жұмыс атқарылды.

 Қазір тергеу изоляторында 50-ге жуық адам бар. Қар мүсіндерін жасауға кіріспес бұрын олар 3-4 адамнан бірнеше топқа бөлінді. Әр топ өз қалауы бойынша кейіпкерді таңдады. 

Қатысушы:

- Біздің тобымыз аққала Оларфтың мүсінін әзірледі. Өйткені бұл кейіпкер - Жаңа жылдың символы. Ол бәріне ұнайды. Жеңіл көрінгенімен, біз бұл мүсінді жасау үшін көп күш салдық. Қар жинауға біраз уақыт кетті. Пішінін келтіру де оңайға түспеді. Бірақ осы жарыста жеңіске жету үшін барымызды салдық.

Қазылар алқасының шешімімен дельфиннің мүсінін жасаған топ бұл жарыста көш бастап кетті. Екінші орынға алтын балық пен пен қабыланның авторлары жайғасса, аққала Олафты әзірлегендер 3-ші орынды иеленді. Сайысты қорытындылауға біз өзіміз де қатыстық. Біраз ақылдасқаннан «Тілшілер таңдауы» аталымында Қолтырауын Гена кейіпкерін бейнелеген азаматтарды жеңіске лайық деп таныдық.