loader


Жаңаарқа кентіндегі газ баллонының жарылу себебі анықталуда

Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде газ баллоны жарылуы салдарынан ауруханаға түскен 8 адамның 7-еуі үйлеріне шықты.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ал денесінің жартысына жуығын күйік шалған 22 жастағы жігіт Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы клиникаға ауыстырылады. Ем-дом шаралары сол жақта жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, кеше шамамен түскі 1-дің кезінде Жаңаарқа кентіндегі жеке үйдің ауласындағы моншада газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шеккен болатын. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Мамандар жарылыстың себебін анықтауға кірісті. Алдын ала болжам бойынша жарылыс газ баллонын жылу құбырына тым жақын орналастырғандықтан орын алуы мүмкін. Оқиға болған кезде үйде ас беру рәсімі өтіп жатқан.

Сондай-ақ...