Өскемендік құтқарушылар отшашу кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретті

Өскемендік құтқарушылар отшашу кезіндегі қауіпсіздік шараларын тәжірбие жүзінде түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен кәдімгі жұмсақ ойыншық мен кілемге бенгал отын жақындатты. Ұшқын тиген жұмсақ материал тез тұтанады. Төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындардың сақ болуға шақырады. Сондай-ақ, олар пиротехника сататын сауда орындарын аралап, 120 рейд өткізді. Өскемен қаласы мен Күршім, Шемонайха, Зайсан аудандарында отшашуларды құжатсыз сатқан саудагерлерге жалпы 270 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.

Нұржан Өміржанов, ШҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Пиротехниканы қолдануға тоқтайтын болсақ, олар міндетті түрде жазық алаңда атылу керек. Өрт қауіпсіздігі ережесіне сай ғимаратқа дейін 50м қашықтық сақталу керек. Тұрғын үйлер терезесі, балконнан  отшашу қолдануға болмайды. Желді күні де қолданбау керек.