Қаңтардан кейін құрылған арнайы күштер нені көздейді?

Елде қаңтар оқиғасынан кейін арнайы операциялар күштері құрылған еді.

Әскерилер жыл басындағы Президент пәрменімен жасақталған болатын. Енді Қорғаныс министрлігі бұл сарбаздардың қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Қазіргі таңда арнайы жасақтың қолбасшылары тағайындалды. Оның құрамына кіретін бөлімдер де айқындалды. Сондай-ақ осыған дейін бірнеше рет оқу-жаттығу жиынын да өткізген. Арнайы операциялар күштерінің негізгі мақсаты әскерилерге төнген қауіптің бетін қайтару. Сондай-ақ заңсыз қаруланған топтармен күресу және антитеррорлық операцияларға көмек көрсету.