Ақтөбеде жастарға баспана беріледі

Ақтөбеде жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарлама іске асып жатыр.

18-35 жас аралығындағы азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 5% жеңілдетілген несие беріледі. Ол үшін зейнетақы қорында жинағы мен бастапқы жарнаға жұмсалатын банкте қаржысы болуы керек. Және жұмыс өтілі кем дегенде бір жылды құрауы тиіс. Іріктеудің барлық кезеңінен өткен азаматтар құны 15 млн теңгеге дейінгі баспананы рәсімдей алады. Жеңілдетілген несие 23 жылға дейін беріледі. Қазір үміткерлерден құжат қабылдау рәсімі жүріп жатыр. Әзірге 40 пәтер беру көзделіп отыр. Ал келіп түскен өтініштердің саны 800-ге жуықтайды.

Азат Оразалин, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

- Қаңтар айында осы комиссия отырысы болып, таңдалып барлығы анықталып, кейін жылдың соңына дейін осы үйлермен қамтамасыз етіледі. Жалпы үйлерді өздері таңдап әкеледі. Жаңа үйлер болуы мүмкін немесе екінші санаттағы үйлер болуы мүмкін. Сол үйлерді өздерінің қаражат есебінен қарап, қайсысы жеткілікті, қайсысын ала алады деген сияқты өздері қарап содан кейін «Отбасы банкке» өтінімдерін береді алуға.