loader


Алматы облысының аймағындағы ауылдар көркеюде

Аймақтағы ауылдар көркейіп келеді.

Кеген ауданының орталығы Саты ауылында жаңа әкімдік ғимараты бой көтерсе, Жалаңаш ауылында қысқы спорт түрлерінің мектебі ашылды. Енді ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметтерді алу үшін аудан орталығына барып сабылмайды. Ал жеткіншектердің шаңғы спортымен шыңдалуына мүмкіндік бар.

Жалаңаш ауылында қысқы спорт түрлері  мектебінің ашылуы қуанарлық жағдай. Себебі, елдімекеннің табиғаты мен тау етегі балалардың шаңғы теуіп, шыңдалуына қолайлы. Жалпы, Райымбек, Кеген аудандарында 17 жаттықтырушы 680 баланы қысқы спорт түрлеріне баптап жүр.

Қайрат Нұрбаев, қысқы спорт түрлері мектебінің басшысы:

- Қазргі уақытта 2 спорт түрі дамытылды. Бірінші шаңғымен жүгіру, екінші шаңғымен бағдарлау. Келесі жылы тау шаңғысы, содан кейін келешекте Райымбек, Кеген аудандарының табиғатына сәйкес биатлон спорт түрін ашсақ па деген ойымыз бар.

«Саты ауылдық округі қазір туристер көптеп табан тірейтін жерге айналған. Сұлу Көлсай аймақтың ғана емес, еліміздің мақтанышы. Сондықтан, жаңа әкімдік ғимараты ауылдың көркін аша түсті», - дейді жергілікті тұрғындар.  Әсіресе, халық енді аудан орталығына бармай-ақ, қажет мемлекеттік қызметтерді жақын жерден ала алады.

Талғат Байеділов, Кеген ауданының әкімі:

- Жаңа мемлекеттік қызмет түрлері іске қосылды. Интернет желісі  іске қосылды. Компьютермен толығымен қамтамасыз етілді. Компьютерлер бүгінгі заман талабына сай жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін компьютерлер. Жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. Енді осының бәрі ауыл халқына көмегін, септігін тигізетін болады.

Жыл соңына дейін Кеген ауылдық округінде де жаңа әкімдік ғимараты қолданысқа беріледі. Аудан басшылығының мәліметінше, аймақта тағы 3 ауылдық окруктің әкімдік нысанын жаңарту жоспарда бар.

Сондай-ақ...