ШҚО-да құрылыс индустриясына қажетті мамандар даярлануда

Шығыс Қазақстан облысында құрылыс индустриясына қажетті мамандар арнайы оқытылып жатыр.

Басты мақсат- инновациялық технологиялардың тілін білетін білікті кадрларды дайындау. Студент жастар үшін колледждер жанынан жатақханалар ашылуда. Ал оқу орындарында қажетті жабдықтың бәрі бар. Дәнекерлеу құралдары, тіпті, кранға дейін қойылған. Бұл аздай металлургия саласының білікті қызметкерлері студенттерге дәріс оқиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жас қазақстандықтар техник мамандықтарын меңгеруі тиіс» деп, Үкіметке оқыту жүйесін техникалық мамандықтарға ыңғайлап өзгертуді тапсырды. Бұл ретте Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен нақты істер қолға алынды. Мысалы, Өскемендегі құрылыс колледжінде жаттығу құралдары мен қондырғылар жаңартылды.

Никита Шаманов, студент:

- Біздің колледжегі қондырғылар заманауи. Сондықтан кәсіпорынға барғанда қайта оқып үйренудің қажеті жоқ. Бәрін осында көріп білеміз.

Еліміздің құрылыс индустриясына 200 мыңнан аса маман жетіспейді. Өндірісті өңірде кадр тапшылығына байланысты арнайы ресурстық орталық ашылды. Онда жастарды тарту үшін оқу гранттары бөлінеді. 

Бауыржан Жұмабаев, «Өскемен құрылыс колледжі» ММ директорының орынбасары:

- Жұмысшы мамандықтар бойынша газ дәнекерлеуші, кран, автокранмен жұмыс істейтін балаларымыз бар. Және эксковатормен жұмыс істейтін балалар, автослесарь, дәнекерлеушілер барлығы осы колледжен шығады.

Болашақ мамандарға барынша жағдай жасалған. Жақында олар колледж жанынан салынған жаңа жатақханаға жайғасады.

Сондай-ақ...