Атырау облысында 556 мемқызметші кірісін жасырған

Атырау облысында 17 мың 496 мемлекеттік қызметші декларация тапсырған.

Ал 556 адам кірісін жасырып қалмақ болыпты. Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 7 мемқызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал кейбір шенеунік мемлекеттік қызметтен әлдеқашан кетсе де есепте тұрған боп шықты. Қазір кірістер департаментінің мамандары хабарлама жіберіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді 2023 жылдан бастап мемлекеттік, квази мемлекеттік мекеме қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, кітапханашылар және соларға теңестірілгендер декларация тапсырады.

Нұрболат Сарманов, облыстық кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Мұның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып есептеледі. Көлеңкелеі экономикамен күрес, сондай-ақ табыстардың бірізділігін, жүйелілігін тексеруге болады. Шетелдерде жасырылғар табыстарды анықтауға мүмкіндігін тигізеді.