Елімізде төрт балалар үйі жабылды

Елде жыл санап балалар үйінің саны азайып келеді.

Мәселен, 2013 жылмен салыстырғанда аталмыш ұйымдардың саны 10 есеге қысқарған. Биыл жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған 4 ұйым жабылды. Қазір елде жалпы саны 89 балалар үйі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді.

Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Елімізде балалар үйінің саны соңғы 9 жылда 10 есеге азайды. Қазір балалар үйі мен оларды қолдау орталықтарында бірқатар жұмыс қолға алынды. Яғни аталмыш ұйымдардағы тәрбиеленуші әрбір бала ештеңеден қысылмай өмір сүруі керек. Бұл тұрғыда «өз үйіңдей сезіну» арнайы жобасы жүзеге асырылып жатыр.