loader


Қоян жылында бізді не күтеді?

«Қоян жылы» әдетте халыққа қолайсыз болады деген түсінік қалыптасқан.

Дегенмен жаңа жылдан күтер жақсылық та, жаңалық та көп. Халық әр жылды тағатсыздана тосып, сиқырлы мерекеге балап отырады.

«Қоян жылы» қазаққа жайсыз жайттармен еске түседі екен. Тарихта бұл жылдарға тақыр қоян деген атау беріп, айдар таққан.

Айжамал Құдайбергенова, тарих ғылымдарының докторы:

- Бір ғана Каспий облысы бойынша 1891-92 жылдары бір жылда 189 мың бас қой, 21 мың бас жылқы, 17400 бас түйе шығын болған екен. Сол бір Қоян жылында.

Қоянның «жұты» болғанымен, «құты» да бар екенін ұмытпаған абзал. Себебі дәл осы Қоян жылында Қазақтың 18-ші ханы Абылай дүниеге келді. Абылайхан кезеңі - тарихта елеулі заман болған. Оның тұсында жау қуылып, халық өз жерінде емін-еркін тіршілік жасап, елде тыныш заман орнады. Ол бірлік пен ұйымшылдыққа негізделген билік құра білді.

Айжамал Құдайбергенова, тарих ғылымдарының докторы:

- Мысалы 3 жүздің басын қосқан Абылай хан. Ол 1711 жылы қоян жылында дүниеге келді қоян жылында. Келесі қоян жылында 23-жылы Алқакөл сұлама Ақтабан шұбырынды жылы болды ғой. Бірақ осы оқиғалардың бәрі қазақ тарихында ірі орны бар. Өйткені бұл қазақ тәуелсіздігін,территориясын, хандығының сақтап қалуына ірі бірінші қолбасшы, сосын хан есебінде өзінің үлесін тигізген.

Ал сандардың сырын шертетін Нумерологтар 2023-жылға өз болжамын жасаған. Жадыра Медетбаеваның айтуынша, өмірлік серігін іздеп жүргендерге жаңа жыл жарын кездестіруге мүмкіндік береді. Қоян жылы үй мәселесінде де сәттілік әкеледі, яғни баспанаға оңай қол жеткізуге болады. Ал кәсіп дөңгелетіп, нәсіп табамын деушілерді - 2023 жылы тұрақтылық күтіп тұр. Сондай-ақ нумеролог Қоян жылында адамдарды аяқ асты шешім қабылдамауға шақырады. Барлық жанжалды өзара келісіп, жұмсақ күшпен шешіп алған жөн дейді.

Жадыра Медетбаева, нумеролог:

- 2022 жыл – агрессивті түрде еркектік энергияда болды. Ал 23-те энергия жұмсара бастайды, әйелдік энергия келеді. Бұл әйелдерге өте қолайлы болып саналады. Кімге табыстырақ болады деп сұрасақ, әр адамды индивидуально ерекше қарау керек қой. Бірақ жалпылама айтатын болсақ, бұл жылы өзін тыңдай біліп, дұрыс шешім қабылдаған, сыртқа көп энергиясын шашпай, іште энергиясын сақтаған адамдар – жақсы жетістікке жетеді.

Сонымен, жаңа 12 жылдықты бастайтын қырдан-қырға орғыған Қоян жылының жұртшылыққа берер сыйы мол деп сенейік. Бастысы – мүмкіндіктерді өткізіп алмай, әрекет ету керек.

 

Сондай-ақ...