loader


Елімізде әрбір 6-шы жұп бала сүюді армандайды

Қарағанды облысында бір мыңға жуық жұп экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы бойынша кезекте тұр. Ал елімізде әрбір алтыншы жұп бала сүюді армандайды.

Президент пәрменімен былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды.

Қарағандылық Әсем Түсіпованың отбасын құрғанына 13 жыл болды. Табиғи жолмен дүниеге келген қызы бар. Орайы келсе тағы да балалы болуға ниетті. Бірақ, оған медицинаның көмегі керек сияқты- дейді . Ана – «Аңсаған сәби» бағдарламасынан үмітті.

Әсем Түсіпова, Қарағанды қаласының тұрғыны

- Оның алдында ЭКО өттім мен 2-рет, 2011-ші жылы бірақ осында емес, Астанада. Бірақ удачно болған жоқ екі ретте. Одан кейін өзім көтердім қызымды. Аллаға шүкір 6 жаста қызым бар. Енді қазір жасым 40-қа келген соң ойланамыз.Мен қуаныштымын осындай квотлар беріліп жатқанына, бізге мүмкіндік беріп жатқанына.

2020- шы жылы Қарағанды облысы бойынша бар-жоғы 85 квота болған. Ол кезекте тұрғандардың санынан әлде қайда аз еді. Кейін бұл мәселені мемлекет өз мойнына алып, жеңілдікті 7 есеге арттырды. Биыл облыста 532 квота бөлінген. Сондада кезекте тұрғандар одан екі есе көп. «Нәрестенің иісін аңсаған отбасылар бірінші кезекте өздері психологиялық тұрғыда дайын келуі тиіс», -дейді мамандар.

Индира Жылқыбаева, репродуктолог:

- 101 программаның енді қазір қаңтар-ақпан айында жасалғандары уже туып жатыр. 101-проггармманың 50 проценті көтерген әйелдер. Егер ерлі – зайыптылардың арасында жақсы қатынас болса прогарамма оңай жүреді. Бірақ көбісі енелерінен, ата-анадан қысым көреді де, психологиялық тұрғыда дайын емес болады.

Атап өткен жөн, биыл жыл басынан бері 6 нәресте осындай жолмен дүние есігін ашқан. Қалғандарының айы-күні жақындап отыр.  Ал, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жасы 18 бен 42 жас аралығында болуы тиіс. Және соматикалық аурулары болмауы маңызды. Қазіргі таңда елімізде 20-дан астам ЭКО орталық жұмыс істейді.

Сондай-ақ...