Ұлытауда жүзеге аспай қалған жоба бар

Ұлытауда жүзеге аспай қалған жоба бар

2022 жылы жүзеге аспай қалған бір жоба – «Жезқазған-Қызылорда» автожолы.

Ұзақ жылдар жыр болған күрежолды жаңғырту тек екі өңірдің ғана емес, ел экономикасының өркен жаюына әсері зор. Тіпті Мемлекет басшысының өзі Ұлытауға жасаған сапарында аталған жолды жөндеу туралы тапсырма берген болатын. Алайда ел күткен игілік қоян жылының құзырына өтті. Әзірге жолдың Қызылорда облысына тиесілі 218 шақырымында ғана жөндеу жұмыстары басталды. Ал Ұлытауға қарасты 208 шақырымына қарастырылған шығын еселеп өсіп кетуіне байлансыты жобалық-сметалық құжат қайта түзетілуде. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бұл жұмыстарға Азия Даму Банкін тартып отыр. Мердігерлерді анықтау байқауы құжаттама қайта жасалған соң өтеді. Сәтімен жүзеге асса оңтүстік пен орталықты жалғайтын жол ақылы болуы да мүмкін.