loader


Атырауда «Ерік мостовой» арнасы демалыс аймағына айналады

Атырауда талай жылдан бері жырға айналған «Ерік мостовой» дренаж арнасының мәселесі биыл шешіледі.

1,5 млрд теңге жұмсап салған арнаның бойымен жоспар бойынша кәріз жүйесі жүргізіліп, үсті жабылады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, үсті жабылған соң канал аймағы демалыс орнына айналмақ. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол салынып, айналасы абаттандырылады. Қаланың микроклиматын жақсартып, жерасты суларының деңгейін төмендетуге тиіс. Сондай-ақ жауын-шашын мол жауған жағдайда қаланы су басудан қорғайды деген дренаж арнасының міндеті осылайша өзгермек.

Қайрат Нұртаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Алға қарай біз Ерік-мостовой каналына канализациялық жүйе яғни КОС жүйесін жүргізу арқылы, бірақ астынан дренаждық жүйе қалдырамыз. Дренаждық жүйесі жұмыс жасайтын болады. Каналдың ішінен 4 бағыт бойынша жүргіземіз. Қаланың оң жақ жағалауы қазір сол жүйені жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ...