loader


Бетқайнар колледжінің студенттері бір жылда 4 млн теңге табыс тапты

Бетқайнар колледжінің студенттері бір жылда 4 млн теңге табыс тапты.

Ауыл балалары, оқу ордасы базасында лимон өсіреді, киім тігеді. Арпа мен бидай егеді. Егіп қана қоймай, өнімін сатып пайда қылады.

Ал ақшаны да рәсуа қылып жатқан жоқ. Студент жатақханасына жөндеу жүргізген.

Студенттер лимон бағын осылайша қыстыгүні де жайқалтып отыр. 230 шаршы мертлік жылыжайда, ергежейлі лимон тұқымын өсіреді. Болашақ фермерлер Ташкент жемісін жерсіндіріп, өнім алуға 3 жыл жұмсаған. Нәтижесі керемет. Жылына бір ағаштан орта есеппен 150-200 дана лимон алады.

Ахмет Сапарбай, студент:

- Бұл табиғи таза өнім болғандықтан, иісі мен дәмі бөлек. Басқа мемлекеттер өсіріп жатқанда «қазақтар өсіре алмайды» дегенге келіспеймін. Алдағы уақытта жылыжайды үлкейтіп, бұдан да басқа тропикалық және жемістер отырғызсақ па деген ниеттеріміз бар.

Ал бұл тігін мамандығын меңгеріп жатқан бұрымдылардың еңбегі. Қыстық киім, спорттық форма, қаламсапқа арналған құтылар мен шағын сөмкелер. Барлығы студенттердің қолынан шыққан. Тігіншілер құрақ көрпенің түр-түрін тігеді. Сапалы болғандықтан ауыл-аймақтан тапсырыс көп. Мекеме басшылығы мұны ескеріп, қазақ-үй кейпінде дүкен салған.

Колледж иелігінде 228 Га жер бар. Бұл алқапты ауыл шаруашығы мамандығын таңдаған жастар игереді. Мәселен биыл 40 гектар жерге арпа мен бидай салып, 30 тонна өнім алған. Одан бөлек студенттер комбайнмен егіс орып, трактормен жер жыртып табыс табады.

Гүлнар Әлімбаева, №7 Бетқайнар колледжінің директоры:

- Арпаларымызды сатып, жатақханаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Және өткен жылы осы комбайнымыз бар, тракторымыз бар жерімізден алған өнімдерден 4 млн-дай табыс тауып, дәнекерлеу цехының төбесін жаптық. Себебі ол жерден су ағып тұрған еді соны жаптық.

Білім беру мекемесі осылайша табыс тауып, колледждің керек жарағына жаратуда.

Айта кетерлігілі, оқу ордасы «жас маман» жобасы аясында 372 млн теңгеге толықтай жаңа құрылғылармен жабдықталды.

Сондай-ақ...