loader


Қарағанды облысында ішімдік сатпайтын ауыл бар

Ауылда ешкім ішімдік ішпейді.

Бұл Қарағанды облысына қарасты елді мекен. Арам судың болмауы себепті мұнда ұрыс-керіс те жоқ. Бір жыл бойы құқық бұзушылық тіркелмеген.  

Жалпы ішімдіксіз ауыл бастамасын әкім мен учаскелік полицей бастап,  ақсақалдап алқасына ұсынған. Кейін ауыл тайлы таяғы қалмай түгел қолдаған. 

Ұялы телефонда сенімісіз болсаңыз ешқандай ақпарат бермеңіздер. Интернет алаяқтықтан өте сақ болыңыздар.

Әлібек Оспанов Тікенекті ауылында 8 жылдан бері жұмыс істейды. Жергілікті тұрғындардың бәрін таниды.  Қауіпсіздік шараларын қашанда назарда ұстауды ескертіп отырады. Ол жыл басында ішімдіктен бас тарту ды ұсынып, бастама көтерді. Оны бүкіл ауыл құп көрген.

Рысты Сәрсекеева, жеке кәсіпкер:

-Біздің ауылда участковыйымыз бар, жиі-жиі тексереді. Енді үлкен басымызбен шешесіндей адамбыз ол баладан сөз алып, сөгіс алғанша осылай ішімдіксіз, шылымсыз саудамызды жасап жатырмыз.

Өмір Бүркітбаев, Тікенекті ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Осы ауылда арақ сатылмайды. Арақ ішетін адам жоқ. Содан кейін ауылда оңды, бәрі кеңесіп, ақылдасып шешеміз шаруаның бәрін.

Есесіне ауыл жастары өнерге құмартып өсіп келеді. Домбыра үйірмесіне келетін жастардың талпынысы ерекше. Үлкендер де жастардың тәрбиесіне ішімдік кері әсер ететінін ескеріп, бүлдіршіндердің өнерін қолдап отырады. Учаскелік полицей болса бұл бастамасын өзгелерге де насисхаттауға ниетті.

Әлібек Оспанов, Тікенекті ауылының учаскелік полицейі:

- Жалпы Тікенекті ауылында 222 тұрғын тұрады. Қоғамдық кеңес төрағасы, әкіміміз бар кездесіп, қылмыстық істің алдын алу, жастарды дұрыс бағытқа бағыттау үшін бірігіп жұмыс атқарып отырмыз.

Тікенекті ауылының үлгілі ісін ІІМ-гі де көпке үлгі ретінде көрсетіп жүр. Күні кеше Қарағанды облысына келген ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шалғайдағы ауылдың әкімі Ерлан Оспановқа "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалін табыстады. Ал ауыл тұрғындары бұл марапат бүкіл ауылға көрсетілген құрмет деп біледі.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Сондай-ақ...