1 қаңтарда елімізде қанша сәби дүниеге келді?

Жаңа жылдың алғашқы күнінде елде 782 бала дүниеге келді.

Оның 398 ұл, 384-і қыз. Бұған қоса 3 жұп егіз баланың кіндігі кесілді. Әдеттегдіей бұл жолы да Түркістан облысы алда тұр. Онда 115 бала өмірге келген. Алматыда 83,  Шымкентте 69.  Ал елордада 60 нәресте жарық дүние есігін ашты.