Еліміздің төрт өңірінде жолдар жабылды

Қар, боран. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Ауа райының нашарлауына байланысты барлық учаскеде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолдарды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материал төселуде. Мамандар боранды күндері, немесе ескерту жарияланғаннан кейін жолға шықпауға кеңес береді. Жолда қалып қойған жағдайда 1403 немесе 112 телефон нөміріне хабарласыңыз.