loader


Қостанай облысындағы робототехника үйірмесіне құрал-жабдықтар жетіспейді

Қостанай облысының Алтынсарин ауданында робототехника үйірмесі 4 жыл бұрын ашылған.

Осы аралықта ауыл балаларын замануй технологияға баулуда жеткен жетістіктері аз емес. Алайда қаланың денгейіне сай деуге келмейді. Ауылдық өрендердің робототехниканы меңгеруге деген талпынысына қолбайлау көп.

Аудан орталығындағы «Балалар шығармашылық үйі» жанынан ашылған робот жасау үйірмесіне 40-тан астам бала келіп жүр. Үлкені 16-да болса, ең кішісі 7 жаста. Әли мен Бекарыс екінші сыныпта оқиды. Үйірмеге былтырдан бері қатысады. Балақайлардың роботты өз қолдарымен жинап, құрастыруға деген ынтасы зор.  

Бекарыс Нағашыбай, оқушы:

- Кейбір кезде бір-бірімізден сұраймыз. Бір-бірімізге көмектесеміз.

Әли Бағытжан, оқушы:

- Бұл бір затты алып, екінші жерге таситын робот. Ол телефонмен басқарылады, джойстикпен.

Ал ересектері роботтардың түр-түрін жасауды машықтанып алған. Тпті облыстық денгейдегі жарыстардарда жүлделі орын алғандары бар. 

Асқат Жақан, оқушы:

- Мен жарыстарға Рудныйға және Сарыкөлге барып келгем. Рудныйдан мен екінші орын алдып келдім. Сарыкөлден екінші орын алып келгем.

Информатика пәнінің мұғалімі Мәди Қаратай осы үйірмеге алғашқы күннен жетекшілік етеді. Балалардың барлығын қамту үшін бес топқа бөлген. Соның өзінде құрал-жабдықтар аздық етеді. Бірі құрап жатса, екіншісі күтіп отырады, Робот бағдарламасын жасауға компютер, ноутбуктар жетіспейді.

Мәди Қаратай, үйірме жетекшісі: 

- Қалалық жерлерде бүкіл техника, нелерді оларға мемлекет бөлсе, ал бізге «кәсіпкерлер, демеушілерді тауып ал» деген сияқты, бізге өзімізге итере салады. Сосын қайсыбір кәсіпкерге бара бересің, ол біреуі береді, біреуі бермейді.

Алтынсарин ауданының орталығы Обаған ауылындағы балалар шығармашылық үйінде робототехникадан бөлек, би, домбыра сияқты бес үйірме жұмыс істейді. Жақын маңдағы елді мекендерден келетіні бар, барлығы 623 оқушы осында өнерін, білімін ұштайды. Осыншама  баланы қамтыған шығармашылық үйін жабдықтауға соңғы бір-екі жылда ешқандай ақша бөлінбегендігін аудандық білім бөліміндегілер де мойындап отыр.

Ақмаржан Бермағанбетова, Алтынсарин аудандық білім бөлімінің басшысы:

- 2023 жылы балалар шығармашылық үйіне 5 млн тенге бөлу жоспарланып отыр. Оған компютер, стол, музыкалық аспаптар, сахналық киімдер алынады. Робототехника кабинетін жарақтауға жұмсалады.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, 5 млн тенгенің бір миллионы робототехника үйірмесіне қаралған. Ол ақшаға екі ноутбук, бір компьютер сатып алу көзделіп отыр.

Сондай-ақ...