Арқада ат құлағы көрінбейді

Арқада ат құлағы көрінбейді. Астананың өзінде қар жапалақтап жауып, жолдарды лезде басып қалып жатыр.

Көктайғақ. Күннің бұзылуына байланысты Астанадан шығатын Теміртау, Екатеринбург, Алматы, Атбасар бағытына жол жабылды. Елорда маңына қатынайтын екі бағыттағы қоғамдық көлікте тоқтады.
Жалпы елде 7 өңірде жол жабылған. Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл,Қарғанды, қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары. Қазір аталған аймақтарда қар борап, жол көрінбейді. Сондықтан сапарға шықпаған абзал. Ал, ескертуге көнбегендер 30 Айлық Есептік Көрсеткіш яғни 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Тіпті 15 тәулiкке қамалуы мүмкін. Жолда қалған жағдайда 14/03 немесе 112 телефон нөміріне хабарласыңыз.