ТЖД халыққа ескерту жасады

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, жолдар уақытша жабылды.

Оңтүстік аймақтарда да табиғат тосын мінез танытып, көлік кептелісі бірнеше шақырымға созылды. Бас шаһарда да метеорологиялық жағдай мәз емес. Астана іргесіндегі ауыл тұрғындары орталыққа жете алмай әбден әбігерге түсті. Ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын бірнеше қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Мирлан Алтынбек, тілші