loader


Ақтөбе әуежайы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе әуежайы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақтарды уақытылы қабылдау үшін ұшып-қону алаңы үздіксіз тазартылуда. Қалада қар аралас жаңбыр жауып тұр. Өткен тәулікте Алматы, Ақтау және тағы бірнеше қаладан көтерілген ұшақтар уақытынан кешігіп қонды. Ал елордадан Ақтөбе бағытына қатынайтын екі бірдей әуекомпанияның ұшағы ұшпай қалған. Қазір нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Дастан Малиев, «Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ басқарма төрағасы:

- «Эйр Астана» мен «Флай Арыстанның» Астана-Ақтөбе бағытындағы екі рейсі болмай қалды. Оның себебін әуекомпаниялары түсіндіруі керек. Ал әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Сондай-ақ, бүгін таңда Ақтаудан ұшқан борт қонар алдында жаңбыр жауып, әбігерге түсірді. Бірақ алаңды 10-15 минут ішінде тазартып үлгеріп, әуе кемелерін қабылдауды жалғастырдық.

Сондай-ақ...