loader


Жаңатасқа жылу берілді

Дауылдан соң қара суықта қалған Жаңатасқа жылу беріле бастады. Бұл жайында аудан әкімі мәлімдеді. Орталық қазандықтың жұмысы қайта жанданып, жылу барлық көпқабатты үй  мен әлеуметтік нысандарға және кәсіпорындарға таратылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған 65 маманы бар 14 бригада жұмылдырылды. Ал аудандағы 11 мың абоненттің 5 мыңы электр желісіне қосылды. Жалпы аудан тұрғындары қалыпты өмірге қайта орала бастады. Ұялы байланыс пен интернет ретке келіп, ауызсу берілді. 

Еске салсақ, екпінді желдің қарқыны секундына 44 метрге жетіп, 530-ға жуық нысан бір тәуліктен аса жылу мен жарықсыз қалған еді. 11 тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысан зақымданды. Аудандағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай, жылу мен жарық желілері толықтай қалыпқа келгенше сақталады. 

Марат Сұлтанғазиев, Сарысу ауданының әкімі: 

- Жылу толық берілді. 10 минут бұрын 43 жылу беру болды. Бірақ бұл жарты сағат, бір сағаттың ішінде ғана. Температуралық кесте деген бар. Осы кестеге сәйкес біз 55 градусты беруіміз керек.

Сондай-ақ...