loader


Қаңтар оқиғасы кезінде ауруханалар төтенше жағдайға дайын болмады

Қаңтар оқиғасы біраз келеңсіздіктің бетін ашқаны белгілі.

Мысалы, елдегі медициналық нысандар лаңкестік шабуылға қарсы тұруға дайын болмай шыққан. Қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген. Тіпті құқық қорғау органдарымен тікелей байланыс орнатылмағаны анықталды. Құзырлы министр Ажар Ғиният нысандар қоршауға алынғанда науқастарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізу қиындағанын мәлімдеді. Қазір жағдай реттеліп жатыр. Елдегі медициналық нысандар паспорттаудан өткізіліп, 65 пайызына бейнебақылау камералары, дабыл түймелері орнатылды. Ол арқылы қандай да бір қауіп төнгенде ІІД орталықтарына жедел ақпарат түседі. Сонымен қатар терроризм кезінде денсаулық сақтау мекемелерін қорғау бойынша нұсқаулық дайындалды. Осал нысандардың тізімі бар. Министрлік медицина қызметкерлерінің өміріне қауіп төнгенде қылмыстық жаза енгізу бойынша заң жобасын дайындады. Құжат мәжіліс қарауында.

Сондай-ақ...