loader


Түркістан облысында жоғалған 12 адам табылды

Түркістан облысында жоғалған 12 адам табылды.

Құтқарылғандардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен бірнеше бала бар. Олар жаңа жылды, ауылда қарсы алу үшін Шымкенттен екі көлікпен жолға шығып, мүлдем байланыссыз кеткен. Қайтарда боран басталып, сол үйде қалып қойған. Туған-туыстарынан 12 адамның жоғалғандығы туралы ақпар кезекші бөлімге 4 қаңтар күні түседі. Құтқарушылар «ә» дегенде арнайы техникамен іздеп шыққанымен, ақтүтек боран мен қалың қарда таба алмаған. Кейін әуеге тікұшақ көтеріп, Бай-жансай елдімекенінен әрең тапқан. Абырой болғанда, барлығы дін аман.

Талғат Досалиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Жолда қалған үш азаматты алып, оның ішінде бір мүгедек, екі жас  бала. Біреуі 13 жасар, біреуі 10 жасар баланы алып Түркістан қаласына жеткіздік. Ал қалған 9 адам өз еріктерімен сол Байжансай елдімекенінде жолдың ашылғанын күтіп қайтуға шешім қабылдады. 

Сондай-ақ...