«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұма-гелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7-ші наурызға дейін ұзартылды.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандан-дырылған аудан-аралық тергеу сотының мұндай қаулысы 29-шы желтоқсанда шыққан. Яғни сот шешімімен, тергеп-тексеру органының өтініш-хаты қанағаттандырылған. Оған қатысты «қылмыстық іс» материалдарымен танысу кезінде, қамауда ұстау мерзімін ұзарту санкцияланды.
