Көкшетаулық алаяқ курьер 10 жылға сотталуы мүмкін

Алаяқ курьер жеткізіп берем деген желеумен елорда тұрғындарынан 3 млн 600 мың теңгенің тауарын қолды еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есіл ауданының полиция басқармасы хабарлағандай, 26 жастағы Көкшетау тұрғыны мобильді қосымшалардың біріне тіркеліп, өзін қызмет көрсетуші ретінде көрсетеді. Түптеп келгенде ақысы төленген тауарды тапсырыс берушіге жеткізбейді. Алданған тұрғындар телефон, ноутбук, сымсыз құлаққап сынды тұрмыстық мүлкінен қағылған. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәсі дәлелденсе, күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.