Шымкентте кәріз суын тазарту кешені салынады

Шымкентте кәріз суын тазартып, одан электр энергиясын өндіретін жаңа кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаны жүзеге асыруға 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады. Нысан іске қосылса, тәулігіне 50 мың текше метр қалдық су өңделіп, қажетті биогаз бен электр қуаты өндіріледі. Мұндай әдіс бұрыннан қолданыста бар. Қазір қаладағы су тазарту нысанында сағатына 4 миллион килловат энергия шығарылып жатыр. Халық саны көбейіп, іргелес елді мекендердің қалаға қосылуына байланысты кәріз жүйесіне қатысты мәселе күрделі. Небәрі 46%-ті қамтыған. Жаңа нысан 2 жылдан кейін пайдалануға беріледі. Нәтижесінде шаһардағы кәріз жүйесіне қосылатын аумақтың көлемі 60%-ке жетеді.

Анарбек Орман, су ресурстары компаниясының басшысы:

- Толыққанды суды тазартуда қиыншылық туындап отыр. Сол үшін қаланың кеңеюіне байланысты әзір, көріп отырсыздар, үлкен күрделі құрылыс 50 мың текше метр суды тазалайтын қондырғының құрылысын бастадық. Бұл технологиялардың тиімділігі, кереметтілігі деп айтуға болады. Мұндай технология Орта Азия, Қазақстан бойынша тек Шымкентте бар.

Сондай-ақ...