loader


БҚО-ның Жаңақала ауылында 40 отбасы баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысының Жанақала ауылында 40 отбасы баспаналы болды.

Жаңа қонысқа ие болғандар қатарында көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылған балалар мен көптен бері баспана кезегінде тұрған ауыл тұрғындары бар. Жеке тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 613 миллион теңге жұмсалған. Әр баспананың көлемі 60 шаршы метр, қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жері де бар. Айта кету керек, дәл осы ауданға қарасты Мәштексай ауылында да 150 орындық су жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Рая Арақаева, Жаңақала ауданының тұрғыны:

- Мұнда көбіне көп балалы отбасыларға беріліп жатыр. Біздің анамыз да алтын алқа иегері, көп баланың анасы. Сол кісіге де бүгін үй беріліп жатыр, біз өте қуаныштымыз.

Сондай-ақ...