Елдегі қан орталықтарында донор тапшы

Ел бойынша қажеттілік мыңнан астам қан тапсырушы қажет.

Өйткені елорданың өзінде травматологияда 200, ал онкологиялық орталықта 300-дей адам қан құюды қажет етеді. Бірақ мереке күндері келушілер аз дейді елордадағы трансфузиология орталығының мамандары. Сондықтан ақхалаттылар азаматтарды донорлар қатарына қосылып, қан тапсыруға шақырады.

Мақсұт Кемеңгер, қан доноры

- Екі күн бұрын телеграм каналдан көріп қалдым да донор керек болып жатыр деп. ДТП-лар көп түсіп жатыр деп, онкологияда адамдар мұқтаж деп жатыр деп. Келіп қан тапсыруды шештім.

Астана бойынша жылына 60 мыңдай донация жасалады. Бұл бүкіл республикалық көрсеткіштің 20% құрайды. Елде 18 жасқа толған, салмағы 50 келіден жоғары азаматтар донор бола алады. Қан тапсырғанға дейін дәрігерлер 1-2 күн дайындалып, майлы, сүтті тағамдарды жемеуге, кофе ішпеуге және шылым шекпеуге кеңес береді. 

Дулат Имашпаев, «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» басқарма төрағасының орынбасары:

- Күніне біз 200 донорға мұқтажбыз. Себебі 15-20% донорлықтан отводиться етіледі. Тісін жұлуы мүмкін, тамақ ішіп қоюы мүмкін, тағы да басқа инфекциялар болуы мүмкін. Сол себепті 200 донордың 150-160 донордың қаны бізде өңделеді. Сақталады және астанамыздың 23 медициналық мекемесіне беріліп отырады.

Ақерке Мырзатаева, дәрігер-трансфузиолог:

- Донордың жетіспеушілігі ылғи да сезіледі. Себебі біздің ауруханада онкогемотологиялық науқастардың саны өте басым. 60-65% онкогемотологиялық науқастар. Мұндай науқастарға күнделікті қажетті қан және оның компонеттері құйылу керек. Барлық Қазақстандықтарды қан тапсыруға шақырамын. Себебі бір тамшы қан бір адамның өмірін сақтап қалады.