Еліміздегі автожолдардың 50 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 50 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Оның 15-і республикалық маңызға ие. Тасжолдар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жабылды. Ал Ақтөбе-Қарабұтақ, Көкпекті-Қалбатау және Шидерті-Қарағанды тасжолдарында қалың қар салдарынан көліктер қозғала алмай, кептеліп қалған. Жалпы қарды тазалауға 135 техника жұмылдырылды, яғни жолдардың ашылуы күтілетін болады. Сондай-ақ соңғы тәулікте қар құрсауынан 37 адам құтқарылды. Оның ішінде 9 бала бар. Сондай-ақ Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласының оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде -20-30, күндіз -10-18 градусқа дейін төмендейді. «Жалпы қаңтарда Қазақстанның басым аумақтарында ауа райы жиі өзгереді, аязды күндер жылы күндермен ауысып, қарлы боран, бұрқасын және екпінді жел күтіледі», -дейді мамандар.

Сондай-ақ...