Абай облысында боран салдарынан адасып кеткен отбасы құтқарылды. Оқиға Үржар ауданында орын алды.
Олар тауға серуендеуге шыққан уақытта қалың қар жауып, боран соғып, салдарынан адасып кеткен. Отбасының жоғалғаны туралы олардың туысы хабар берген. Нәтижесінде арнайы құтқару тобы құрылып, жанұя эвакуацияланды.
