Шымкент қалалық Полиция Департаментіне жүгінген мемлекеттік мекемелердің бірінің басшысы, «ер адам оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын», деп бопсалап жатқанын хабарлаған.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес» басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, нәтижесінде, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысқан мегаполис тұрғыны екені мәлім болды. Оны полицейлер 45 млн теңгені қолма-қол алу кезінде ұстаған. Алайда оның 40 миллионы жалған болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
