loader


Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерден ірі көлемде ақша талап еткен күдікті ұсталды

Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерден ірі көлемде ақша талап еткен күдікті ұсталды.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметі күдіктіні оқиға орнында бұлтартпас айғақпен қолға түсірді. Ол жәбірленушіні бопсалап, 50 млн теңге сұраған. Әйтпегенде іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды. Осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Әбубәкір Төрекелді, қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:

-  Түркістан облысының шенеунігінен 50 миллион теңге бопсалаған жеке кәсіпкер ұсталды. Аталған жайт ҚР ҚК 194 – бабы «Қорқыту» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ...