Еліміздің бірнеше аймағында -43 градусқа дейін аяз күтілуде

Қыс қаһарына мінді. Алдағы 3 күнде -43 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда. Осыған байланысты, еліміздің бірнеше аймағында қатты аяз сақталады. Синоптиктердің болжамынша, батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 градус аяз болады. Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 градусқа дейін төмендеп, күндіз 27-35 градусты көрсетеді. Ал шығыста ауа температурасы  түнде 30-43 градусқа дейін төмендеп,  үскірік аяз болады.  Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында толассыз қар жауады. Сондай-ақ, алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде -18, күндіз -15 градусқа дейін төмендеп, күн суытады.

Сондай-ақ...